Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК “Айналайын” бөбекжайы бос орындарға КОНКУРС жариялайды.

Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 9  қабылданады.

  • +7 (710) 241-04-54
  • Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Қосымша білім беру педагогінің

(білім беру ұйымы жанындағы секциялар мен үйірмелер педагогінің) лауазымдық нұсқаулығы

Лауазымдық міндеттері:

 

  • Қосымша білім беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
  • Үйірме, секция, студия, клуб және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оқу мерзімі ішінде оларды сақтау шараларын қолданады.
  • Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтардың жоспарлары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
  • Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді.
  • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, адамгершілік-рухани дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
  • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қызметін, оның ішінде зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады.
  • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды.
  • Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің тәжірибесін дамытуды, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды.
  • Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды.
  • Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар) қатысуын ұйымдастырады.
  • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады.
  • Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді.
  • Ата-аналары мен оларды алмастыратын тұлғаларға, және педагог қызметкерлерге кеңес беріп, көмектеседі.
  • Әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға, кәсіби қоғамдастықтарға қатысады.
  • Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктілігін арттырады.

Білуге міндетті:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беру қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық,
  • Педагогика және психология негіздері,
  • тәрбие жұмысының әдістемесі, өнімді, сараланған, дамытатын оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, құзыреттілік тәсілді іске асыру,
  • әртүрлі жастағы білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен),
  • педагогтармен қарым-қатынас орнату әдістері,
  • даулы жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістері, білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелері,
  • еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайта даярлау туралы құжат; жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
  • Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер кемінде 6 жыл.
  • Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог – модератор":

  • педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
  • зерттеу, эксперименттік жұмыстары дағдаларын меңгеруі,
  • жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмыстарды жүргізе білуі,
  • өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалары ұжымын басқаруы тиіс.

2) "педагог-сарапшы":

  • педагог-модераторға қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар:
  • халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы,
  • авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.

3) "педагог-зерттеуші":

  • педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар:
  • халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы,
  • авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.

4) "педагог-шебер":

  • педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар:
  • халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы,
  • авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.

 

Білуге міндетті:   Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1)" мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы"ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсете отырып – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)" Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру білім беру ұйымының сайтында және Instagram, Facebook парақшаларында жарияланған сәттен бастап 5 күн ішінде электронды түрде немесе қағаз тасығышты  келесі  мекен- жайында Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 9  қабылданады.

  • +7 (710) 241-04-54
  • Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.