Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК “Айналайын” бөбекжайы бос орындарға КОНКУРС жариялайды.

Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 9  қабылданады.

+7 (710) 241-04-54

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 Мектепке дейінгі ұйымның ән-күй жетекшісі

Лауазымдық міндеттері:

       1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес музыкалық  тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады.

  1. Музыка аспаптарында ойнаудың техникасын шебер меңгерген.
  2. Музыка бойынша сабақтарды,балалар мерекелерін және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді,дарынды балаларды таңдайды.
  3. Таңертенгілік гимнастикаға,дене тәрбиесі ҰОҚ, спорттық, мерекелік шараларды ұйымдастыруға қатысады.
  4. Балалармен ойындық іс-әрекеттерді,саздық-дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға қатысады.
  5. Педагогикалық кеңестерді, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын дайындауға қатысады.
  6. Балалармен жұмыс істеуге алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді енгізеді.
  7. Балаларды музыка бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңестер береді.
  8. МДБҰ тәрбиеленушілерінің саздық даму деңгейін бақылап отырады.

 Құқықтары

ҚР Еңбек кодексіне,Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген құқықтарды иеленеді.

Жауапкершілігі

4.1. Музыка сабағындағы балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік арқалайды.

4.2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға, протекционизмге, непотизмге және жақын туыстарына тікелей бағынуға жағдай жасауға жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтау.

4.3. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарына және жоғары тұрған басшылыққа кәмелетке толмағандардың немесе оларға қатысты, оның ішінде өзіне белгілі болған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік), білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметке байланысты фактілерді шұғыл  жазбаша хабарлайды.

4.4. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

4.5. Осы нұсқаулықта айтылатын барлық міндеттердің орындалуына жауапты.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңның 15-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарына және жоғары тұрған басшылыққа кәмелетке толмағандардың немесе оларға қатысты, оның ішінде өзіне белгілі болған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік), білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметке байланысты фактілерді шұғыл  жазбаша хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы заңсыз миссионерлік қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін,

еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелерді,

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық құжаттарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  тиісті бойіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат, тиісті бойіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтілі талаптары қойылмайды;

Біліктілік деңгейі жоғары болған жағдайда педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл;

мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін 2 жылдан кем емес, педагог-сарапшы үшін 3 жылдан кем емес, педагог-зерттеуші үшін 4 жылдан кем емес.

Тиісті санатты алу үшін жауапкершілікті анықтайтын біліктілік талаптары:

1) "педагог" (санаты жоқ):  санаты жоқ қазақ, орыс тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:  бағдарламалық материалдың мазмұнын білуі, мектепке дейінгі тәрбие әдістемесін білуі,  жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыруы,  шеберлік пен дағдылардың даму деңгейіне диагностика жүргізуі, мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдістемелік жұмысына қатысуы, инновациялық тәжірибені зерделеуі тиіс, баланы дамытудың пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын ресімдеуге қатысу, ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру, тәрбиеленушілердің жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, білім беру ұйымдары деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін ескере отырып тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану.

2) "педагог-модератор"; Санаты жоқ "педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс: бағдарламалық материалдың мазмұны мен құрылымын білу;инновациялық әдістемелер мен технологияларды қолдану, әр түрлі жастағы топтарда шеберлік пен дағдылардың даму деңгейіне диагностика жүргізу, мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдістемелік жұмысына қатысу, білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңестерде сөйлеу, баланы дамытудың пәндік-кеңістіктік дамытушылық ортасын қайта құруға белсенді қатысу, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу, білім беру ұйымдарында кәсіби біліктілігін арттыру, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.

3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар:мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік жұмысқа, аудан, қала деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;педагогикалық кеңестерде сөйлеуі, өзінің кәсіби біліктілігін арттыруы,  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін талдау дағдысын меңгеру, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау: білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/ қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы.

4) "педагог-зерттеуші":"педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы керек, сонымен қатар:оқу бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін әзірлеудің дағдылары мен іскерліктерін меңгеруі, аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысуы, балалардың зерттеу дағдыларын дамытуы, қалалық, облыстық конкурстарға балалардың қатысуын жүзеге асыруы, тәлімгерлікті тәжірибеге енгізу; көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен қарым қатынас жасау дағдыларын меңгеруі,  мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы, сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтау, облыстардың/республикалық және елордалық қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтау, облыстардың/ республикалық және елордалық қалалары деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.

5) "педагог-шебер":" педагог-зерттеуші" санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келу, сонымен қатар:жаңа бағдарламалар мен педагогикалық технологияларды меңгеру бойынша эксперименттік жұмысқа қатысу; республикалық деңгейдегі шығармашылық конкурстарға қатысу қорытындысы бойынша балалрдың көрсеткіштерінің болуы;

республикалық деңгейдегі әдістемелік жұмыстарға белсенді араласу; республикада тәжірибені трансляциялау және енгізу; республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен автор) бола алуы немесе авторлық бағдарламалары болуы; жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі; тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс деңгейінде кәсіби қауымдастық желісін дамытуды жоспарлау, халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе немесе облыстық білім беру органдарының уәкілмен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлайды.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1)" мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы"ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсете отырып – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)" Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру білім беру ұйымының сайтында және Instagram, Facebook парақшаларында жарияланған сәттен бастап 5 күн ішінде электронды түрде немесе қағаз тасығышты  келесі  мекен- жайында Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 9  қабылданады.

+7 (710) 241-04-54

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.