Хабарландыру!!!

Ұлытау облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімінің КМҚК “Айналайын” бөбекжайы бос орындарға КОНКУРС жариялайды.

Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 9  қабылданады.

+7 (710) 241-04-54

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

ӘДІСКЕР

Әдіскер  білуге  міндетті:

- ҚР Конститутциясы, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы тіл туралы», «ҚР баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарын, білім беру ұйымының Жарғысы (оның ішінде Ішкі тәртіп ережелері, осы лауазымдық нұсқаулық) және басқа да білім  беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді:

-  мемлекеттік мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті білім беру стандартын:

-  педагогика мен жас ерекшелік психологиясын;

-тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;

-  оқу бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеудің принциптері мен тәртібін:

- педагогикалық жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін анықтау,қорытындылау және енгізу әдістемесін:

- балалардың медициналық-психологиялық-педагогикалық және анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін және жүйелік-психикалық қызметін:

-   әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін:

- оқытудың аудиовизуальды және интерактивті құралдарына қойылатын негізгі талаптарды:

-  еңбек туралы заңнама негіздерін:

- еңбек қорғаудың,қауіпсіздік  техникасы мен өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын:

- Санитарлық ережелер мен нормаларды.

2.Лауазымдық міндеттері.

2.1.Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

2.2. Пәндер мен оқу курстары бойынша оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды құрастырады.

2.3. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларына таңдауға (жасауға) қатысады: білім беру ұйымдарымен,балалар орталықтарымен,мұражайлармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады.

2.4. Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын,нысанын,әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.

2.5. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды,құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.

2.6. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады және топтар бойынша сабақтар ретін құрады.

2.7. Алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.

2.8.Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен ҰОҚ принциптерін сақтау,ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады.

2.9.Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен,ойыншықтармен,ойындармен жинақтауды ұйымдастырады.

2.10. Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайын талдау жасайды.

2.11.Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар,семинарлар,жеке және топ бойынша кеңестер,конкурстар мен көрмелер өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады, оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есепке беру құжаттамаларын уақытылы рәсімдейді.

2.12.Тәрбиешілердің,педагогтардың, психологтардың,логопедтердің,музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.

2.13. Балалардың бөлімдеріне,істерліктеріне,дағдыларына талдау жасайды.

2.14.Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу бойынша ұсынымдар енгізеді.

2.15. Біліктілікті арттыру және педагог қызметкерлерді атестаттау жұмыстарын үйлестіреді.

2.16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің мынадай функциялары жүктелсін:

1) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және өзектендіру;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;

4) Мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингілеу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;

5) Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар санатына жататын квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізу;

6) Корпоративтік этикалық құндылықтарды дамыту;

7) Квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік этика кодексін (бар болса)сақтауын бақылау;

8) Азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

9) Нәтижелер туралы ақпараттың жария түрде ашылуын қамтамасыз ету сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау;

10) Сыбайлас жемқорлық және/немесе оған қатысу фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу;

11) Квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмысты үйлестіру;

12) Квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жәрдем көрсету;

13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерді мониторингтеу және талдау

14) Квазимемлекеттік сектор субъектісі жасасатын азаматтық—құқықтық шарттарға, оның ішінде шарт тараптарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, іскерлік этика және парасаттылық нормаларын, адал бәсекелестік қағидаттарын міндетті сақтауын көздейтін ережелерді сатып алу туралы шарттарға енгізуді қамтамасыз ету.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1)" мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы"ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсете отырып – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)" Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру білім беру ұйымының сайтында және Instagram, Facebook парақшаларында жарияланған сәттен бастап 5 күн ішінде электронды түрде немесе қағаз тасығышты  келесі  мекен- жайында Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 9  қабылданады.

+7 (710) 241-04-54

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.