Бөбекжаймызда 2022 жылдың алғашқы жалпы ата - аналар жиналысы болды. Жиналыс дәстүрден тыс ойындар мен тренингтермен өткізілді. Жиналыста бөбекжай директоры Кульбаева Бибигуль Тулегеновна сөз сөйледі. әдіскер Досанова Меруерт Егизбаевна жаңа оқу жылының жоспарымен таныстырды. Бөбекжайымыздың дене шынықтыру нұсқаушысы Ораш Зағира Ислямқызы өзінің жаңа стандартқа сай сабағын көрсетсе, би үйретуші Ербосынова Асель Мунайтпасовна би қимылдарын көрсетті. Жиналыс соңында психолог Оразәлі Гүлжауһар Мұхтарқызы ата - аналардың ойында жүрген нақты сұрақтарына жауап беріп, арт терапиясын және құм терапиясын жүргізді. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.