Жезқазған қаласы Білім бөлімінің 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес қалалық «Қарлы қала 2019» байқауына біздің де бөбекжай қатысты.


Қысқы учаскелер қар патшалығына ұқсас болды. Педагогтар тек учаскені безендіріп қана қоймай, балалардың қозғалыстарын ынталандыруға, балалардың қозғалыс белсенділігін арттыруға, олардың денсаулығы мен физикалық дамуын нығайтуға ықпал етуі үшін әсемдік, көлем, құрылыстың мақсатқа сай болуына үлкен мән берді .


Учаскені безендіруде біздің ата-аналарымыз үлкен көмек көрсетті, олар су, қар алып, фигуралар жасады, бояды. Ата-аналар қармен жұмыс жасаудың жаңа технологияларын үлкен ықыласпен игерген. Осы іс-шараға балалардың, ата-аналар мен педагогтардың бірлесіп қатысуының арқасында балалар үшін учаскелер қызықты, пайдалы және жағымды уақыт өткізетін сүйікті орын болды. Енді ұлдар мен қыздар аяз күндері көшеден өз топтарына ешнәрсе алмайсың. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде қалалық сайыста біздің бөбекжай үшінші орынға ие болды.

.