Бөбекжайдың 2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес ақпан айында «Кітап- білім бұлағы» тақырыбында тақырыптық апталық өтті.

Мақсаты: бөбекжай тәрбиеленушілерінің шығармашылық іс-әрекеттері арқылы кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білім нәрі кітапқа деген дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу, кітапты күтіп, ұқыпты ұстауға үйрету, ата-аналармен ынтымақтасты нығайту, отбасылық кітап оқу дәстүріне ықпал ету.

Апталық жоспарына сәйкес топтардағы кітап бұрышында «Кітапхана» ұйымдастырылды, шығармашылық қызмет кезінде кітапқа бетбелгі жасау үйретілді; ертегілер оқылып, сахналау жұмыстары өткізілді; «Ауырған кітап» атты ескі кітапты жаңалау жұмысы, боямақ кітапшалармен жеке жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, тақырыптық дидактикалық ойындар ойнатылды. Ата-аналармен бірлескен букроссинг өткізілді. Ортаңғы топ балаларымен жаңа кітап және балалар авторларын таныстыру жұмыстары да өткізілді.

.