Жезқазған қаласы Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің  2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жұмысына сәйкес ақпан айының соңында «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым әдіскері-2019» байқауы өткізілді. Байқауды қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы қолдады.

Байқаудың мақсаты: барлық деңгейдегі әдіскерлердің инновациялық және кәсіби маңызы бар тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсібилігін арттыру. Сондай-ақ, білім беру жүйесінде әдіскердің мәртебесін арттыру және жағымды әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру.  

Байқауға қаламыздағы  мектепке дейінгі мекеменің әдіскерлері қатысты. Байқау 2 деңгейде өтті. Бірінші деңгей сырттай болды: әдіскерлер жеке мәліметтері мен шығармашылық әдістемелік еңбектерінің нәтижесі салынған портфолиоларын тапсырды.

Екінші деңгейдің бірінші бөлімінде әдіскерлер әділ қазылар мен көрермендер алдында «Мен мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін» тақырыбында презентация қорғады. Презентацияда әдіскерлер өз қызметтерінің педагогикалық тұжырымдамасын, әдістемелік қызметтің басқа салалармен одақтастығының нәтижесі, педагогтардың біліктілігін арттыруда қолданатын жаңа технологиялары және жетістіктерін таныстырды.

Екінші бөлімде әдіскерлер «Мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту» бағытында тақырыптық шеберлік сыныбын өткізді.

Біздің бөбекжайдың әдіскері Сапаргалиева Нұрлыкүн Сапаргалиқызы да қатысып, өз өнерімен көрерменді тәнті етіп 1 орынды жеңіп алды.

.